Елордада екінші ауысымда оқитындар үшін сабақ болмайды

0
121

Астанада бұрқасын салдарынан екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы хабарлады.

“19 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел мен жолдың нашар көрінуі) қала мектептерінде екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды”, – делінген мәліметте.

Бүгін таңертең Нұр-Сұлтанда бастауыш сыныптар оқыған жоқ.

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жариялаған болатын. Қазгидромет мәліметіне сай, 19 қарашада қар жауып, бұрқасындатады, жел 15-18 м/с дейін күшейеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз