Гарвард түлегі СДУ ректоры болып тағайындалды

0
226
СДУ ректоры Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев.

30 шілде күні Сүлеймен Демирел университетінің ректоры қызметіне Гарвард түлегі Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы тағайындалды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев 2006 жылы Алматыдағы С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдаған. 2009 жылы “Болашақ” стипендиясы арқылы АҚШ-тағы Тулейн университетінде Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алған.

Сонымен бірге, Қ. Ерғалиев Гарвардтың Т. Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде білім алған және қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін қорғаған.

“Қазіргі уақытта ол Harvard Chan Qualitative Research Methods студенттік клубының тең құрылтайшысы және президенті әрі Бостондағы қазақ диаспорасының мәдени ортасын қалыптастыруға арналған “Мирас” қазақ мәдени орталығының тең құрылтайшысы мен президенті”, – делінген университет хабарламасында.

Жаңа ректор әр жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде және Назарбаев Университетінде басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Денсаулық сақтау саласындағы бірнеше ғылыми еңбектердің авторы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз