Халықаралық “Туймаада” олимпиядасынан жүлделі оралды

0
164

Математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша Саха Республикасында (Якутия) өткен халықаралық «Туймаада» олимпиадасынан Қазақстан құрама командасы жүлделі оралды.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің құрама команда 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға ие болды.

Жеңімпаздар қатарында Айбек Мырзатаев (Атырау қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты) пен Рауан Қалдыбаев (Нұр-Сұлтан қаласы «Республикалық физика-математика мектебі») алтын медаль жеңіп алып, жасөспірімдер лигасындағы абсолютті жеңімпаз атанды. Ал, Арман Уразгулов (Алматы қаласы Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейі), Исламхан Серікбаев (Қызылорда қаласы облыстық дарынды балаларға арналған №9 «Білім-инновация» лицей-интернаты) және Дінмұхаммед Тұрсынбай (Алматы қаласы мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты) күміс медаль иеленді. Алексей Янченко (Алматы қаласы «Республикалық физика-математика мектебі») мен Кибриянур Абдугафарова (Шымкент қаласы № 2 дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты) қола медальді місе тұтты.

Олимпиадада Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран, Тәжікстан және Қазақстаннан 154 оқушы бақ сынады. Қазақстаннан олимпиадаға жалпы саны 17 оқушы қатысты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз