INFOMATRIX-ASIA халықаралық компьютерлік жобалар байқауы

0
221

Сәуірдің 13-15 аралығында Сулейман Демирел Университеті (СДУ) кампусында өтетін халықаралық INFOMATRIX–ASIA жобасында ақпараттық технологиялар саласында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 400-ден аса жас өнертапқыш қатысады.

Ақпараттық технологиялар саласындағы шеберлікті шыңдауды мақсат тұтатын байқау аясында жоғарғы сынып оқушылары робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер, басқару жүйесі, қысқаметражды фильм, дрондар жарысы және математикалық жобалар сынды жеті номинация бойынша бақ сынайды. Іс-шара аясында робототехника көрмесі мен роботтар сайысы, әр мемлекеттен келген қатысушылар арасында континентаралық футбол турнирі, сонымен қатар мәдени ойын-сауық шаралары өткізілмек.

Байқау қорытындысы бойынша жеті номинанациядан топ жарған бас жүлде иегерлеріне 100% білім гранттары тағайындалады. Қалған жеңімпаздар оқу орнының 50% жеңілдігіне ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кеткен жөн, университет INFOMATRIX-ASIA байқауын ұйымдастырумен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Соңғы жылдардың статистикалық мәліметі бойынша 2013 жылы жобаға әлемнің 13 елінен 190 үміткер қатысса, биылғы жылы сайыста 25 мемлекеттен 450 өнертапқыш бақ сынайды. Соңғы бес жыл аралығында 300-ден аса талапкер байқауға қатысу арқылы мемлекеттік грантқа ие болып СДУ-да білім алуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз