Kazakhstan Education Fair: Шетелде білім алу мүмкіндігі

0
95

Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен осы апта еліміздің үш ірі қаласында  шетелде білім алу жөнінде «Kazakhstan Education Fair 2017» атты халықаралық көрме өтеді. Nova Education компаниясының ұйымдастыруымен өтетін көрме 3 қараша Алматы (Rixos Hotel қонақүйі), 5 қараша Атырау (Renaissance Hotel қонақүйі) және 6 қараша Астана (Rixos President қонақүйі) қалаларында болады.

Ұймдастырушылар жоба мақсатының шетелдік және отандық алдыңғы қатарлы университеттерде білім алу мүмкіндігі туралы кешенді ақпарат ұсыну; ғылым, білім және инновация салаларында әлемдік және қазақстандық білім беру мекемелерімен серіктестік байланыстарды нығайту екенін атап өтті.

Көрмеде бакалавриат, магистратура, докторантура (PhD), шетелдік оқу орындарына түсуге арналған дайындық курстары, біліктілікті арттыру курстары, семинар, тренинг, кадр дайындау және қайта даярлау бағыттары бойынша шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының жаңа оқу бағдарламалары ұсынылады.

Халықаралық «Kazakhstan Education Fair 2017» білім көрмесіне Қазақстанмен қатар, АҚШ, Германия, Гонконг, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша, Ресей және Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы  университеттері қатысады. 40-тан астам жоғарғы оқу орны өз стенділерін ұсынады деп күтілуде.

Бір айта кетерлігі, шетелде білім алу жөніндегі «Kazakhstan Education Fair 2017» халықаралық көрмесі Nova Education компаниясының қатысуымен осымен қатарынан төртінші жыл ұйымдастырылғалы отыр. Жылдан жылға шетелде білімін жалғастырғысы келген жастар арасында көрмеге деген қызығушылық артып келеді.

Білім саласында тоғыз жылдық тәжірибеге ие NOVA Education компаниясы шетелде білім алғысы келетін жастарға қызмет көрсетеді. NOVA Education кәсіби қызмет көрсеткен жылдар аралығында 906 студент компанияның қызметіне жүгінген. Олардың барлығы не оқуын табысты аяқтап елге оралғаны, не табысты білім алып жатқаны белгілі болды. Компания қазіргі таңда шетелде жоғары білім, шетелде тіл курстары, білім курстарын және білім сапарларын ұйымдастыру секілді бағыттарда маманданған.

Ұйымдастырушылар қызығушылық танытқан азаматтардың қосымша ақпарат алу үшін компанияның ресми сайтына жүгінуін, не жауапты кісілерге (+7702 777 40 82, +7778 333 55 44, +7700 760 70 01) қоңырау шалуын немесе э-поштаға (info@novaedu.kz) хат жазуын сұрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз