Мемлекеттік ЖОО-да оқу ақысы өзгеріссіз қалды – Е. Сағадиев

0
146
дереккөзден

Осы жылы елдегі бірқатар ЖОО-да оқу бағасының көтерілетіні туралы ақпар тарады. Аталған жайтқа бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пікір білдірді.

“ЖОО-да оқу ақысы 100 пайызға көтерілді деген меніңше жалған ақпар”, -деген министр мемлекеттік ЖОО-да оқу ақысы өзгеріссіз қалды деп мәлімдеді. “Аталған оқу ақысы кейбір мамандықтарға бөлінген грант иегерінің әрқайсысына мемлекет көп қаражат төленетіндіктен өсті”, – деген Сағадиев жекеменшік ЖОО-ның оқу ақысын көтеруі өздерінің ішкі мәселелері екенін алға тартты. “Жақсы ЖОО-да оқу ақысы өседі, жаманында өспейді”, – деп түйіндеді министр.

Сондай-ақ, сөз барысында Сағадиев білім және ғылым министрлігінің басты міндеті көп студенттің білім алуына жағдай жасау екендігін атап өтті. “Грант құны студенттің мемлекеттік немесе жекеменшік университеттегі оқу ақысын өтейтін болуы қажет”, – дейді министр.

“ЖОО бюджетін жариялауы тиіс”

Министрдің сөзінше, енді ЖОО өздерінің бюджетін жалпыға жария етуі тиіс. “Мұндай міндетті біз мемлекеттік жоғары оқу орындарына да қоямыз. Кез келген жағдайда ЖОО директорлар Кеңесі әрі бақылау Кеңесі оқу орынының қаржылық тұрғыдағы ақпарынан әрі қаражаттың қайда жұмсалатынынан хабардар,  біз бұл жайтты қатаң бақылауда ұстап отырмыз”, – деп атап өтті Сағадиев.

 

Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз