Министр Аймағамбетов бірқатар білім қызметкерлерін марапаттады

0
167
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Білім-инновация" ХҚҚ президенті Дархан Өтеге "Құрмет" орденін табыстады.

12 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы “Шабыт” өнер университетінде Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тәуелсіздік мерекесіне орай білім саласының бірқатар қызметкерін марапаттады. 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Министрі Аймағамбетов білім саласының қызметкерлерін тәуелсіздік мерекесімен құттықтап қасиетті күннің маңыздылығына тоқталды. Қазақстанның жетістіктерін атап, келесі жылғы жасалуы тиіс жұмыстарды шолып өтті. Білім қызметкерлерінің еңбегін елеп наградаларды табыстады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен “Құрмет” орденін иеленген “Білім-инновация” Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте бұл марапат қорда қызмет атқаратын мұғалімдердің, білім алатын шәкірттер мен әрдайым қолдаушы болатын ата-аналардың орасан зор еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз