Министр: Елдегі мектептердің 99%-ында бейнебақылау бар

0
63
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомство аппаратының жиналысында елдегі мектептердің 99%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталғанын айтты. Бұл туралы министрліктің телеграм каналы хабарлады.

2018 жылы бұл көрсеткіш 75% болған екен.

“Білім беру ұйымдарын бейнебақылау камераларымен қамту мәселесі де маңызды. Бүгінгі таңда камералармен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетіп отыр. Дегенмен атқарылған жұмыстың саны емес, сапасы маңыздырақ. Білім және ғылым министрлігі мен ішкі істер министрлігінің бұйрықтарына сәйкес білім беру ұйымдарын бейнекамералармен қамту бойынша нақты талаптар қойылған. Орнатылған бейнебақылау камералары барлық талаптарға сай болуы тиіс”, – деді министр Аймағамбетов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз