Министрлік: 145 колледж білім беру құқығынан айырылды

0
132
Ұлттық біріңғай тестілеуде отырған талапкерлер. Photo: edu.gov.kz

Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық қазақстандық колледждің білім беру қызметіне жүргізген мониторинг нәтижесі бойынша 145 білім беру ұйымы 330 мамандық бойынша лицензияға қосымшаларын өз еркімен қайтарып бергенін хабарлады. 

Министрлікке қарасты білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова студенттерге көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен бірлесе жүргізілгенін атап өтті.

“Мониторинг  нәтижесінде колледждер білім беру профиліне жатпайтын немесе біліктілік талаптарын сақтай алмайтын жекелеген мамандықтар бойынша лицензияның қосымшаларын қайтару туралы шешім қабылдады. Арасында еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандықтар да бар. Кейбір колледждерге белгілі бір мамандықтар бойынша студенттер оқуға мүлдем түспеген. Мысалы, педагогикалық колледж менеджерлерді даярлауға талпынса, ал экономикалық бағытта білім беретін колледж педагогтерді оқытпақ болған. Сондай-ақ кейбір оқу орындары материалдық базасы сай келмесе де белгілі бір мамандық бойынша кадрларды дайындағысы келген. Қазіргі уақытта студенттер оқуын аяқтады, ол үшін колледждерге мүмкіндік берілді. Бұдан былай 145 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы үш жүзден астам мамандық бойынша студенттерді оқытпайтын болды. Сондықтан  ата-аналар мен оқушыларға алаңдаудың қажеті жоқ. Ешқандай проблема туындамайды”, – деді сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз