Министрлік балабақшаға қабылдау ережесін өзгертті

0
682
Photo: Khabar 24

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі балабақшаға қабылдау ережесіне өзгерту енгізді.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтар балаларын балабақшаға кезекке тұру қызметін”Азаматтарға арналған үкімет” бөлімдері және “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы алуына болады.

  • Егер егіз немесе үшем балалардың бірі балабақшаға орын алса, бос орындар болған жағдайда барлық балаларға бір ұйымға бір уақытта жолдама алуға мүмкіндік берілді;
  • Балабақшаларға бірінші кезекте қабылдау бойынша жеңілдік санатына педагогтардың және мүгедек баласы бар отбасылардың балалары енгізілді;
  • Бос орындарға арнайы санаттағы балалар қабылданғаннан кейін, үш күн өткен соң, орындар кезекте тұрған келесі бірінші 1 000 (бір мың) өтініш берушіге ашылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз