Министрлік: магистранттардың сабағы 14 қыркүйекте онлайн басталады

0
134
Photo: dw.com

Қазақстанда магистранттарды оқыту 14 қыркүйекте қашықтан басталады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.  

– 31 тамызда кешенді тестілеу аяқталады;
– 5 қыркүйекке дейін грантқа өтініш қабылданады;
– 7 қыркүйекте гранттарды тағайындау бойынша конкурстың нәтижелерін жариялау жоспарланған;
– 8 қыркүйектен бастап ЖАО (әкімдіктер) гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау басталады;
– 11 қыркүйекке дейін ЖОО-ға қабылдау үшін өтініштер қабылданады.

Министрлік мәліметінше, 2 курс магистранттарының зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру магистранттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.

Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі.

Кестені нақтылау үшін магистранттар өз ЖОО-на хабарласуы керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз