Назарбаев ҚазГУ ректорына жатахана салуды тапсырды

0
272
Нұрсұлтан Назарбаев пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.

13 қарашада Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановпен кездесіп студенттік жатаханалар салуды тапсырды. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады. 

Университеттің беделін көтеру маңызды. Алдымызда жоғары оқу орнын зерттеу орталығына айналдыру мақсаты тұр. Білім сапасы мен профессорлық- оқытушылық құрамды дайындау деңгейін арттыруға назар аудару керек. Білім алушылардың жағдайын жақсарту үшін студенттік жатақханалар салу жөнінде тапсырмалар берілді, – деді Назарбаев.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған шаралардың дайындығы жөнінде мәлімет берілді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз