Қос магистратура бағдарламасына тағы үш мемлекет қосылды

0
142
photo: KAZAKNEWS.KZ

Үндістан, Пәкістан және Өзбекстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы университеттерінің ынтымақтастық жобасына қосылды.

17 қазан Астанада ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастығы ұйымы) елдері білім министрлерінің өткен жиынында аталған келісімге қол қойылды.

photo: KAZAKNEWS.KZ
photo: KAZAKNEWS.KZ

Келісімге сәйкес, ШЫҰ-ға қарасты қос магистратура бағдарламасына тағы да үш мемлекет қосылды. Бұған дейін халықаралық білім беру базасында Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусия және Бельгиядан 79 университет болған еді.

Атап өтерлігі, ШЫҰ қос магистратура бағдарламасы екі университетте яғни ұлттық және шетелдік ЖОО-да білім алуға мүмкіндік береді. Қос магистратурамен оқыған түлек бірден екі диплом алып шығады. Оқыту жеті бағыт бойынша жүргізіледі – ІТ-мамандандыру, энергетика, аймақтану, экономика, педагогика, экология және халықаралық қатынастар.

photo: KAZAKNEWS.KZ

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша,жыл сайын Қазақстанға шетелден немесе Қазақстаннан шетелге барып оқитын студенттер баршылық, осы жылы Қазақстанда шетелден келген 18 мың студент білім алуда. “Олардың көбі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерден”, – дейді министр. “Үндістанның білім министрлігімен біз дәрігерлерді көп қабылдайтынымызды, ал Үндістанға ІТ докторанттар мен магистранттарды жібереміз деп келістік. Студенттер арасында алмасулар көбейіп келеді”, – дейді Е. Сағадиев.

photo: KAZAKNEWS.KZ

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз