Павлодарда XI республикалық пән олимпиадасы өтті

0
83

Сәуірдің 15-і күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде “Ұлы даланың ұлағаты” атты журналистика мамандығы бойынша XI республикалық пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға еліміздің 17 ЖОО-ның 2-4 курс студенттері қатысты.

Бірінші кезеңде әр университет өз командасын таныстырды. Ал түстен кейін қатысушылар берілген тақырыптар бойынша эссе жазды. С.Торайғыров университетінің ұйымдастыруымен олимпиада қатысушыларына арнайы экскурссия ұйымдастырылып, Павлодар қаласының көрікті жерлерімен таныстырды.

Әділ қазылар алқасы. Павлодар қаласы.

Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіжәне халықаралық ақпараттар технологиялар университеті жоғары ұпайға ие болды.

Олимпиадаға қатысушы студенттер эссе жазып отыр.

Бүгін, сәуірдің 16-сы күні, олимпиаданың екінші кезеңі басталды. Студенттер теориялық білімін тексеру үшін журналистиканың жанры мен пішіндері, тарихы және телерадио журалистикасы пәндері бойынша 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Екінші кезеңнің келесі тапсырмасы журналистерге жедел ақпарат тарату. Республикалық олимпиада жеңімпаздары түстен кейін белгілі болады. Сайыс нәтижесі psu.kz сайтында және басқа да БАҚ-та жарияланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз