Польша қазақстандық студенттер үшін гранттар санын арттырмақ

0
93

Польша жоғарғы оқу орындары қазақстандық студенттерге бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша гранттар санын арттырмақ. Бұл туралы ҚР Польшадағы Тұрақты және өкілетті елшісі Баймұхан Марғұлан Бақытұлы мәлімдеді.

Марғұлан Бақытұлы: Польшада 800-ге жуық қазақстандық студент білім алуда. Бүгінде бізде жоғары оқу орындары арасында 100-ге тарта келісімдер бар. Оған қоса, Қазақстан студенттері үшін поляк тарапымен гранттар санын арттыру мақсатында келіссөздерді жалғастыратын боламыз. Бұл тұрғыда гранттар санын біздің студенттерге 50-ге дейін арттыруды ұсындық, оның ішінде ағылшын тілінде оқыту тәртібін де ескердік. Бүгінде келісімде тек 11 ғана грант бар.

Сондай-ақ, польшалық оқу орындарының беретін біліміне сұраныс бар, яғни онда еуропалық сапа бар және оқу бағасы да қолжетімді дейді елші.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз