Қазақстандық оқушылар «Әлем білгірлері кубогында» бақ сынауда

0
210

«Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорына қарасты “Spectrum” халықаралық мектеп мекемесінде “WORLD SCHOLAR’S CUP” («Әлем білгірлері кубогы») атты жасөспірімдер арасындағы пәнаралық білім сайысының Астана раунды (Astana Round) басталды.

30-31 наурызда өтетін жарысқа қазақстандық оқушыларымен қатар көршілес қырғыз елінен келген оқушылар қатысуда. Білгірлер кубогына ие болу жалпы саны 500-ден астам мектеп оқушысы бақ сынайды.

Жасөспірімдердің өз қабілеттерін түсінуіне жол ашуды, бойындағы дарынын іс жүзінде қолдану арқылы білім мазмұнын жаңартуды, жалпы білім деңгейін, ой-өрісін және зияткерлік деңгейін арттыруды мақсат ететін, екі күнге жалғасқан жарыс оқушылар арасындағы семинар мен тестілеуден басталып, эссе жазу, дебат, викториналық сұрақтарға жауап беру сынды жарыс түрлеріне ұласты.

Spectrum” халықаралық мектебі аталған пәнаралық жарысты биыл 4-рет ұйымдастырып отыр. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз