Рак ауруының емі – лазер және нанобөлшектер

0
269

Ғалымдар рак ауруын емдеуде әрі медицина мен ғылымда түрлі өзгерістер енгізу үшін лазер мен нанобөлшектерді қолданған дұрыс деп баға беруде. Мұндай пікірге Қытай, Нидерланды, Канада және Германия физиктерінің жарық көрген зерттеу еңбегі түрткі болған.

Физиктер зерттеуіне сүйенсек, лазер сулы ортаға батырылған алтын нанобөлшектерге ұшыраған кезде, 100 мкм-ға дейін будың көпіршігі  қалыптасады, бірақ бұл жылдам жойылады. Артынша пульсирленген газ көпіршігі пайда болады. Алайда оның өлшемі алдыңғысынан жүз есе аз. Бірнеше секундтан кейін газ көпіршігі тербелісті тоқтатып, баяу өседі. Бұл құбылыс плазманның резонанстық әсері деп аталады.

Regnum.ru агенттігінің ақпаратына сүйенсек біраз уақыт бұрын бұл микрокөпіршіктерді зерттеу мүмкін болмаған. Зерттеуді бастамас бұрын физиктер тобы плазмалық нанобөлшектердегі газ көпіршігінің қалай пайда болғанын және алғашқы сәтте не болатынын түсіну үшін өте жоғары жылдамдықтағы камераны ойлап шығарады. Камера секундына 10 млн кадр түсіруге қауқарлы.

Осы камераның көмегімен ғалымдар кремний оксидінің бетіндегі шаршы торда  орналасқан алтын нанобөлшектерде пайда болған газ көпіршігін мұқият қадағалады.

Зерттеу тобы плазма резонансы әсерінің қасиетін зерттеп, оны рак клеткаларын жоюға қолдануға болады деген ойға келеді. Бұл тәжірибе басқа салаларда да пайдалы болуы бек мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз