Республикалық ғылыми жобалар байқауы алғаш рет онлайн режимде өтеді

0
238

ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК базасында 13-16 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізеді. Биыл республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысушы балаларға «Бөбек» білім беру және сауықтыру орталығының инфрақұрылымы берілді.

Байқау оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі. Қазылар алқасының құрамына отандық ЖОО-лардың педагог-ғалымдары кіріп, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Байқау төрт бағыт бойынша өтеді: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан-2050 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары».

Байқаудың қорытынды кезеңінде 811 жас зерттеуші 625 ғылыми жобаны таныстырады. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар арасынан 2019 жылдың 12-17 мамыр аралығында Феникс қаласында (Аризона штаты) өтетін «Intel ISEF-2019» халықаралық ғылыми жобалар байқауында жұмыстарын таныстыратын еліміздің құрама командасы құрылады.  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз