“Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік” атты онлайн-конференция өтеді

0
113

8 мамыр күні жеңістің 75 жылдығына орай “Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік” атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн- конференция өтеді. 

“Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияның мақсаты – тарихи сананы, ұлттық бірегейлікті, азаматтық белсенділікті қалыптастыру, жас ұрпақтың санасында Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтау; отаншылдыққа тəрбиелеу, жас зерттеушілердің тарихқа деген шығармашылық мүмкіндіктері мен кəсіби ынтасын арттыру”, – дейді ұйымдастырушылар.

Конференцияға 500-ге жуық адам қатысады деген жоспар бар.

Қатысушылардың қатарында “Білім- инновация” лицейінің оқушылары мен ұстаздары, жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары мен мұғалімдері, колледж жəне университет студенттері мен оқытушылары, тарих ғылымдарының докторы, профессорлары мен ғалымдары бар.

Онлайн-конференция қатысушылары.

Конференцияда оқушылар мен студенттер ғылыми жетекшілерімен бірге үш тілде ұсынған ғылыми баяндамаларын қорғап, пікір алмасады.

Онлайн-конференция қатысушылары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік баяндамалар арнайы жинақта жарияланады. Сонымен қатар, онлайн-конференцияға қатысқандарға жəне жетекшілеріне сертификаттар мен дипломдар табысталады.

Ескерту: Онлайн-конференция 8 мамыр күні ZOOM платформасында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11.00-де басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз