Семейлік оқушы қалай кәсіпкер атанды

0
154

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Семей қаласының оқушылары арасында кәсіпкерлікті насихаттау үшін жыл сайын «Startup Battle»  атты конкурс өткізеді.

№30 жалпы білім беретін орта  мектептің он бірінші сыныбында оқып жүрген семейлік Надир Сабитов конкурстың грантын жеңіп алып, қаңқасыз  жиһаз жасаудан өз бизнесін ашты.

«Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бизнес-инкубаторынақарасты «Fox» орталығының тренингтеріне қатысу кезінде алған маркетинг, сату және дизайн туралы білімдер мені Семей нарығын жаулап алуға көмектесті, қазіргі таңда біз ресурстарды өзімізге тартып, кәсіпорынды дамыту үшін инвестициялық модель жасау үстіндеміз», – дейді ол.

Оның цехы шығаратын пуфа-қаптарға деген сұраныс жоғары. Қазір жас кәсіпкердің қарамағында үш адам бар: екі тігінші және ассистент. Надирдің айтуынша, көп ұзамай Өскемен мен Павлодар тұрғындары оның өнімдерін сатып ала алады. Содан кейін жас кәсіпкер Қазақстан нарығын  бағындырып, ТМД елдеріне шығуды жоспарлап отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз