“Шайқорлық геннен келеді”

0
117

Ғалымдар адамның ДНҚ-сына талдау жасау барысында шай немесе кофеге деген махаббат ата-бабадан ұрпағына генмен берілетінін анықтады. Бұл туралы Nature журналына сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

«Шай немесе кофе? Осы сұрақты естіген адам екеуінің біреуін таңдайды. Аустралияда Цзюэшэн Он бастаған генетиктер тобы жүргізген зерттеу нәтижесінде шай немесе кофені таңдау ата-бабамыздан берілетінін, оған ДНҚ-дағы дәм сезу рецепторларының тобы жауап беретінін айтады.

Басылымның хабарлауынша, ғалымдардың мақаласы Scientific Reports журналында жарияланған. «Мақалада дәм сезетін рецепторлар тобының генетикалық жұмысы туралы жазылған. Зерттеуде Аустралия, Ұлыбритания, АҚШ-тан 440 мың еріктінің ДНҚ-сы ескерілген. «Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, шай немесе кофеге деген махаббат та ген арқылы атадан балаға беріліп отырады», деп жазылған мақалада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз