Спорт пен білім – қос қанат

0
366

4-5 қаңтар күндері Астанадағы «NURORDA» мектеп-лицейінде  «Ұлттық баскетбол федерациясының» қолдауымен оқушылар арасында тұңғыш рет республикалық баскетбол жарысы өтті.

Сайысқа «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қарасты ұйымдар мен аталмыш қормен меморандум жасасқан мектептердің 9-11 сынып оқушыларынан құралған 15 команда (130-ға жуық оқушы) қатысты.

Жарыс қорытындысына сәйкес, Көкшетау «Білім-Инновация» командасы финалда Есік «Білім-Инновация» оқушыларын 28:11 есебімен ұтып, жеңіске жетті. Осылайша, Есік «Білім-Инновация» лицейі жүлделі II орынды иеленсе, Атырау «Білім-Инновация» лицейі III орынға лайық деп танылды.

Үздік ойыншылар да жеке марапатталды.  Олар: «Үздік бапкер» – Карасартов Еркебулан, Көкшетау БИЛ, «Үздік ойыншы» – Кенжебаев Алдияр, Атырау БИЛ, «Үздік қорғаушы» – Ермеков Тамерлан, Атырау БИЛ, «Үздік байланыстырушы» – Аxунов Дамир Есік БИЛ, «Тәртіпті команда» – Екібастұз ОМПЛ, «Ұйымшыл команда» – Павлодар БИЛ, «Үздік шабуылшы» – Қазбеков Дәулетбай, Көкшетау БИЛ, «Жеңіске құштар» – СДКЛ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз