Студенттердің шәкіртақысы тағы өседі

0
336
Студенттер.

25 қараша күні өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есе көбейетінін хабарлады.

Тоқаевтың айтуынша 2025 жылға дейін колледждер мен университеттер жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға артады және жоғары оқу гранттары 50 пайызға көбейеді.

“Бұл 75 мың студент жоғары білімді тегін алады деген сөз, біз студенттерге материалды қолдау көрсету ісін жалғастыра береміз”-деді Тоқаев.

Президент Тоқаев педагог мамандарға көңіл бөліп, оларға қолдау көрсетуін жалғастыруда. Съез барысында мұғалімдердің де жалақысы екі есе көбейетінін айтты.

“Жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізін құрауы тиіс. Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша тағы да кем дегенде екі озық өңірлік жоғары оқу орны ашылады”- деді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз