ТМД білім қызметкерлері Бішкекте бас қосты

0
93

11-12 қазан күндері Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) білім қызметкерлерінің съезі өтті.

Бесінші съездің ашылуында сөз алған Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков жаңа білім беру жүйесін құрудың маңыздылығына тоқталды. Білім берудің мемлекет саясында алатын орнын айрықша атап, барша білім қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Қырғызстан басшысы білім жүйесіндегі мәселелердің осындай жиындарда талқылануы және тәжірибе алмасудың маңызды екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында тәжірибелі әрі жаңашыл мұғалімдерге сұраныс әрдайым жоғары болатытын айтты.

Съезге Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева бастаған делегация қатысты. Олар Қазақстан білім беру саласындағы соңғы технологияға негізделген жаңа оқу құралдарын таныстырды.

Екі күнге жалғасқан съезге 400-ге жуық маман қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз