Тоқаев Назарбаев зияткерлік мектебіне барды

0
316
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев зияткерлік мектебіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақорда

Мемлекет басшысы оқушылармен және мұғалімдермен әңгімелесу барысында бүкіл еліміз бойынша құрылған Назарбаев зияткерлік мектептерінің желісі оқытуға және дамытуға зор мүмкіндіктер беретінін айтты.

Ақорда

Мемлекет басшысы «БҰҰ моделі» клубының жұмысымен танысып, роботты техникаға байланысты өткізіліп жатқан жарысқа барды. Қазақстан Президентіне химия-биология бағыты бойынша оқытатын оқу орнының материалдық-техникалық базасының жағдайы, заманауи мультимедиалық құралдармен жабдықталуы жөнінде мәлімет берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз