USTAZ: Мақсат педагогтардың кәсіби құзіретін арттыру

0
204

Осы жылдың 24 тамызынан бастап «USTAZ» кәсіби оқыту орталығы  білім беру саласындағы ағылшын тілін меңгерген биология, химия, физика және информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстарын бастады.

Аталмыш дәрістер авторлық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бағдарлама үш тілді білім беру моделіне көшуге, пәнді ағылшын тілінде оқыта білуге әрі ағылшын тілін В1 және жоғары деңгейде меңгерген жаратылыстану-ғылыми бағыттағы мұғалімдерге арналған.

81 академиялық сағаттан және ағылшын тілін оқытудың 2 кезеңінен тұратын сабақтар аудан және облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ республиканың шағын қалаларында өткізіледі.

Дәрістің бірінші кезеңі 2018-2019 оқу жылының І тоқсан алдындағы демалыста өткізіледі. Топ бойынша 33 академиялық сағат теорияға бағытталады. Оқу жылының бірінші жартысында тыңдаушының жұмыс орнында 16 академиялық сағат практикалық бөлігін оқиды.

Екінші кезең де дәл бұрынғыдай жалғасын табады. Бұл кезде 24 академиялық сағат теорияға, кемі 8 академиялық сағат практикаға негізделеді.

Курс аяқталған тұста биология, химия, физика, информатика мұғалімдері өз пәнін ағылшын тілінде оқыту үшін қажетті коммуникативтік стратегияларды пайдалана алады. Сондай-ақ басқа әріптестерімен кәсіби байланыс жасай отырып, оқу процесін дамытуды және жақсартуды үйренеді, кәсіби тұрғыдан дамиды. Бұл өзге оқытушылардың сабақтарын бақылау, бағалау, түсіндіру және сынау, арасындағы айырмашылықты көру қабілетін жетілдіреді. Сонымен қатар, құзыреттілігін арттырып, оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін толық игеріп шығады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз