Жапонияның “Хаябуса-2” ғарыш зонды астероидқа сәтті қонды

0
27
"Хаябуса-2"

22 ақпан күні Жапонияның “Хаябуса-2” ғарыш зонды астероидқа сәтті қонды. Бұл туралы The Guardian сайты хабарлады.

Төрт жыл бойы орбитада ұшып жүрген аппарат көлемі 900 метр болатын астероидтың тегіс жеріне орныққан. Басылымның хабарлауынша, ғарыш зондты астериод қыртысынан топырақ үлгісін алғаннан кейін қайта ұшып, тағы екі жерге қонатын болады. Осылайша жиналған топырақ үлгілерін 2020 жылы Жерге жеткізуі керек.

Айта кетейік, “Хаябуса-2” 2014 жылы зымыран тасығыштың көмегімен Жапонияның оңтүстігіндегі космодромнан ұшырылған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз