Жеңістің 75 жылдығында бабалар ерлігі насихатталды

0
172
“Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік” атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция.

8 мамыр күні жеңістің 75 жылдығына арналған “Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік” атты конференция өтті. 

Онлайн жиында соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырлар туралы  естеліктер айтылып, ұлағатты істері насихатталды.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЗОР

Қазақстанның әр түкпірінен 500-ге тарта адам қатысқан жиында тарих ғылымдарының доктор-профессорлары дәріс оқыды.

Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқымбаев.

“Ұлы Отан соғысы емес, қазақтар қателесті дейді. Ол Ресейдің, орыстардың соғысы дейді. Менің ойымша бұл тұрғыдан біз қателесетін шығармыз. Өйткені 1920-1940 жылдың арасында Қазақстанда көп өзгерістер болды. Ең бірінші бұл мемлекеттің қайтадан жандануы. 1920 жылдан бастап Қазақ Ұлттық автономиясымен бірге “қазақ” деген сөз қайта оралды. Бұл сол кездегі ең үлкен жақсылық әрі жетестік. Осындайға қол жеткізген Отанның алдындағы парызым, соны мен ақтауым керек”, – дейді Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқымбаев.

Деректерге қарағанда, 1941-45 жылдардағы соғысқа Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам аттанған. Олардың жартысынан көбі майдан даласында көз жұмған.

“Білім-инновация” ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте.

“Конференцияға жиырмаға жуық “Білім-инновация” лицейінің жас ғалымдары мен тарихқа қызығатын оқушылар өз баяндамаларымен қатысты. Онға жуық ұстаздарымыз да қатысып өз ойларымен бөлісіп отырды. Ұлы жеңістің 75 жылдығын тек мереке ретінде тойлап қоймай сол уақыттағы ата-бабаларымыздың, шейіттеріміздің, ардагерлеріміздің қаншалықты үлкен жанқиярлықпен ерлік көрсеткенін бір рет сезіну бұл негізгі мақсат еді”, – дейді “Білім-инновация” ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте. 

Конференцияда сөз алған ҚР ЖАК профессоры Садықов Тілеген Садықұлы.

ӨЗ ТАРИХЫМЫЗДЫ АЙТАТЫН, ЖАЗАТЫН, ЗЕРТТЕЙТІН ЗАМАНҒА КЕЛДІК

Саясаттанушы Айдос Сарым тарихты дұрыс зерттеу керектігін айтады. Оның ойынша, соғыста болған азаматтардың күнделікті өмірін қалай өткізгенін тыңғылықты зерттеу қажет.

Саясаттанушы Айдос Сарым.

“Біз елімізде өз тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, өз тарихымызды айтатын, жазатын, зерттейтін заманған келдік. Германиямен соғыс біршама зерттелген болса, біздің қазақтардың Кеңес-Фин соғысына қалай қатысқаны жайында терең зерттелмеген. Сонымен қатар, Жапонияда қалай соғыстық деген әңгімелер айтылмаған. Соғыс дегеніміз – майданға аттанған азаматтардың ерлігі. Кезінде бізге тек жақсы жағын ғана көрсетуге тырысты. Негізі, осы соғыстың қарапайым күндері бар. Кейбір дивизияларымыз төрт адамға бір мылтық беріп, соғысқа қатысқан. Талай дивизиялар бір тәулікте жойылып кеткен күндер бар”, – дейді саясаттанушы Айдос Сарым.

Саясаттанушының пікірінше, алдағы уақытта соғыста, ашаршылықта жоғалған адамдарды іздеп табуға мән беру керек. Ол үшін архивтік жұмыстарды жандандыру қажеттілігі туады.

Онлайн-конференцияда оқушылар мен студенттер ғылыми жетекшілерімен бірге үш тілде ұсынған ғылыми баяндамаларын қорғап, пікір алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференциядағы үздік баяндамалар арнайы жинақта жарияланады. Сонымен қатар, онлайн-конференцияға қатысқандарға жəне жетекшілеріне сертификаттар мен дипломдар табысталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз