Жерге ұқсас 44 планета анықталды

0
284

Ұзақ уақыт гибернация процесінде болған “Кеплер” телескобы қайта өңдеуден өткен соң, Жерге жаңа ақпарат жіберді. Қазақпарат хабарлағандай ғарыш телескобы бұған дейін 1000-нан аса ғаламшардың жобасын анықтап, суреттерін Жерге жолдаған еді. Оның соңғы операциясы ең пайдалы әрі нәтижелі сеанс деп танылды.

“Кеплердің” 95 мегапиксельді фотометріне 44 жаңа планета іліккен. Оның ішінде 16 пленета Жердің құрылымына барынша ұқсас болып шықты. Алайда бұл экзопланеталар Жерге ұқсағанымен, ондағы климат Меркурий мен Шолпандағыдай екен. Шамасы онда саналы тіршілік көзі жоқ, бірақ бактериялар болу ықтималдығы жоғары. Анализ планеталардың көлемі мен ондағы температураны анықтауға мүмкіндік беріп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз