Жезқазғандық түлек ҰБТ-дан 137 балл еншіледі

0
231

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының түлегі Біржан Құлманов Ұлттық бірыңғай тестілеуден 137 баллды еншіледі. Сондай-ақ Маңғыстау облысындағы Шетпе гимназиясының түлегі Ержан Жанжігітов және Жаңаөзен мектеп-лицейінің түлегі Ерсұлтан Рахметұлы ҰБТ-дан мүмкін болған 140 баллдың 136 жинады. Бұл туралы Лада хабарлайды.

Жезқазғандық Біржан Құлманов ҰБТ-да келген сұрақтардың жеңіл болғандығы және олардың әрқайсысының жауаптарын білгендігін айтады. Сондай-ақ түлек жоғары балл жинауға ниетті болған.

«Біз Жезқазғандағы қазақ-түрік лицейінде ҰБТ-ға жыл бойы дайындалдық. Шамамен 60 рет сынақ тестерін тапсырдық. Жұмасына екі рет бізде сынақ тестері өтіп отырды. Сол себептен, маған әр сұрақ тансық болмады, мен 140 балл жинауды көздедім», – дейді Біржан. Түлек Назарбаев университетінің инженер мамандығына түскен.

Ержан Жанжігітов және Ерсұлтан Рахметұлы/lada.kz

Шетпе гимназиясының түлегі Ержан Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты 9 сыныптан бастаған. Ержан соншалықты жоғары балл алатынына сенімді болмағандығын айтады. Ержанның сөзінше, ҰБТ нәтижесін оған сынып жетекшісі хабарлаған, бірінші кезекте түлек өзі үшін қатты алаңдаған анасына нәтижені хабардар етіп, қуантқан екен. Түлек өзінің жоғары баллға қол жеткізуіне физика және математика пәндері ұстаздарының сіңірген еңбегі зор екендігін айтады. ҰБТ-ға дейін Ержан аталған пән мұғалімдерімен қарқынды түрде дайындалған. Енді Ержан Көкшетаудағы ҚР ТЖМ техникалық институтына түсуді жоспарлап отыр.

Ерсұлтан Рахметұлы ҰБТ-ға 11 сыныптан бастап қарқынды дайындық жүргізген. Түлек 130 балл жинауға ниеттеніпті. «Нәтижені жариялағанда өз көзіме өзім сенбедім. Бойымды шексіз қуаныш кернеді», – деген Ерсұлтан бірден ата-анасына хабарласқандығын айтады. «Бірінші кезекте ата-анама және ұстаздарыма зор алғысымды білдіремін», – дейді Ержан. Түлек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне түсуге ниетті. Ержанның сөзінше, өзінің бала кезгі арманы – прокурор болу.

Сафина Саид

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз