Жыл соңына дейін студенттерге 2 жатақхана беріледі

0
106

Жыл соңына дейін студенттер үшін 1500 орындық екі жатақхана пайдаланылуға беріледі. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. 

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадаиев: Елбасының студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыздандыру туралы тапсырмасы орындалды. Шамамен екі ай ішінде 1500 орындық жатақхананың құрылысы аяқталып, студенттерге беріледі. Келер жылы 5000 орындық екі жатақхана студенттерге берілетін болады.

Айте кетейік, Мемлекет басшысының гранттар тізімін арттыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында осы жылы отандық жоғарғы оқу орындарына қосымша 20 мың грант бөлінген. Осылайша гранттардың жалпы саны екі жыл ішінде 39 мыңнан 69 мыңға дейін артты. Қазіргі уақытта 51 мың студент бакалавриат, 13 мыңы магистратурада екі мыңнан астамы мемлекеттік бағдарламалар бойынша білім алуда. Гранттарға ие болған студенттердің 34 мыңнан астамы техникалық мамандықтар бойынша білім алуда. Олардың көпшілігі ақпараттық коммуникациялық технологиялар, киберқауіпсіздік және электроника бағытында оқиды.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев студенттерді жатақханамен қамтамасыздандыру шараларын жеделдетуді тапсырды.

Отырыс барысында 2018 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы, «Бес әлеуметтік бастаманы» орындау барысы, Жекешелендіруді жүргізу барысы сынды өзекті мәселелер талқыға салынуда.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз