Forbes: Әлемдегі ең бай адам анықталды

0
81
Джефф Безос, Amazon компаниясының басшысы, миллиардер.

Amazon электронды сауда компаниясының басшысы Джефф Безос Forbes журналындағы ең бай 400 америкалықтың тізімінде бірінші орынға шықты. Бұған дейін рейтингте 1994 жылдан бері Microsoft компаниясын құрған Билл Гейтс бірінші орыннан түспей келген еді.

Безос бұдан өзге 2018 жылы әлемдегі ең бай адам деп танылды. Оның дәулеті 160 миллиард доллар деп бағаланады. Бұған дейін Forbes рейтингіне ілінген бір-ақ адамның байлығы 100 миллиард доллардан асқан.

Бұдан бұрын Bloomberg агенттігі де Безосты әлемдегі ең бай адам деп атаған. Агенттік бизнесменнің байлығын 150 миллиард долларға бағалаған.

Amazon компаниясының өзі капиталы бір триллионнан асатын Apple-ден кейінгі екінші ірі компания атанды.

Forbes жаңа рейтингісінде табысы ең көп еселенген миллиардер деп Twitter басшысы Джек Дорсиді атайды. Оның байлығы бір жылда 186 пайызға ұлғайып, алты миллиард доллардан асқан. Азаттық сайтының хабарлауынша, табысы қатты азайған миллиардер Джордж Соростың дәулеті 23-тен сегіз миллиард долларға кеміген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз