Кәсіпкерлікті қолдауға жыл сайын 30 млрд теңге бөлінсін – Елбасы

0
53

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев “Кәсіпкерліктің жол картасы” бағдарламасын 2025 жылға дейін созуды жөн деп есептейді. Бұл туралы мемлекет басшысы 5 қазан Қазақстан халқына жасаған жолдауы барысында мәлімдеді.

2010 жылы біз “Жол картасы-2020” бағдарламасын іске қостық деген Н. Назарбаев өзінің аймақтарға жасаған сапары бұл жоспардың қаншалықты тиімді жұмыс жасайтынын көрсеткенін атап өтті.

“Бағдарламаны 2025 жылға дейін созу қажет. Оны жүзеге асыру үшін жыл сайын бюджеттен 30 млрд теңге бөліну қажет. Бұл үш жыл ішінде ел азаматтары үшін 22 мың жаңа жұмыс орынын құруға, бюжетке 224 млрд салық салуға, әрі өнім өндіруге 3 триллион теңге береді”, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы тек кәсіпкерлік қана жаңа жұмыс орындарын құрып, қазақстандықтардың басым бөлігін кіріспен қамтамасыз ететінін алға тартты.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз