Неге миллионерлердің GPA көрсеткіші жоғары емес?

0
58
Адам мінез-құлқы жөніндегі маман Эрик Баркер.

GPA (Grand Point Average)мектептегі аттестаттың немесе университетте алған дипломдағы бағаның орташа көрсеткіші. Ол студенттің жалпы оқу үлгерімін дәлелдейді. GPA Ресейлік және Еуропалық шкала бойынша 0.0-5.00 арасында есептеледі. Ал Америкалық оқу жүйесінде 0.0 – 4.00 арасы.

 Адам мінез-құлқы жөніндегі маман Эрик Баркер миллионерлердің неліктен GPA көрсеткіші төмен болатындығын түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, ғалым Карен Арнольд Бостон колледжінде сабақ үлгерімі өте жақсы болған (valedictorian) студенттердің жетістіктеріне зерттеу жасаған.

Зерттеуге сәйкес, GPA жоғары студенттер арасында миллиардер кездеспеген. Нәтижесіне келсек, мектепте және университетте белгілі бір жүйеге бойсұнуды талап етеді. Ал GPA жоғары студенттер жүйеге толыққанды бағынып, тіпті соның мүшесіне айналады. Олар жүйені бұзып, шет қала алмайды. Бүгінде Америка миллиардерлерінің орташа GPA көрсеткіші 2.9. Valedictorian-дар адамның жеке қасиеттерін қатты бағаласа, миллионерлер белгілі бір құндылықтарымен танымал. Олар ережеге бағынбаса да мақсатын нақты белгілеп сол жолда тер төгуден жалықпайды. Ең маңыздысы да осы. Кейде олар ережеге сай келмейтін дүниелер жасайды, мәселеге мүлде басқа қырынан қарайды. Өйткені мектепте барлық ереже анық, нақты. Ал, өмірде барлығы мектептегідей түсінікті емес.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз