Тоқаев қытайлық миллиардер Джек Мамен кездесті

0
48
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джек Ма photo: akorda.kz

Оқи отырыңыз: Қытайлық миллиардер Джек Ма Абайдың өлеңін жатқа оқыды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ханчжоуға сапары аясында Alibaba штаб-пәтерінің жаңа кампусын аралап, компанияның негізін қалаушы Джек Мамен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Екеуара сәлемдесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасы құрылуының 70 жылдық, Alibaba компаниясының 20 жылдық мерейтойларымен құттықтады.

Өз кезегінде Джек Ма  Тоқаевқа құттықтауы үшін ризашылығын білдірді.

“Қазақстанда 5 рет болдым. Қазақстанның мәдениеті мен халқын жақсы көремін. Ол жақта менің достарым көп. Бос уақытымды Сіздердің астаналарыңызда өткізген ұнайды”, – деп атап өтті ол.

photo: akorda.kz

“Alibaba Group” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Юн Мемлекет басшысына әлемдік интернет сауданың көшбасшысы саналатын ұжымның тарихы мен қызметі жайында, қалыптасқан өзіндік дәстүрі туралы, болашақтағы жоспарлары мен электронды коммерциядағы жаңа трендтер хақында баяндады.

Alibaba Group  – интернет-коммерция саласында жұмыс істейтін жаһандық компания. Штаб-пәтері Ханчжоу қаласында орналасқан. Қызметінің негізгі түрі – B2B сызбасы бойынша компаниялар арасындағы сауда операциялары және бөлшек онлайн-сауда. Alibaba.com интернет-сайты бар. 2019 жылдың басында компанияны капиталдандыру 18 пайызға артып, 421,9 млрд долларға дейін жетті.

2019 жылдың 10 қыркүйегінде 55 жасқа толған Джек Ма сол күні әлемдегі ең ірі компанияның басшысы қызметінен кетті.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасында 2 күндік мемлекеттік сапармен жүр.

Сонымен қатар, ҚР Президенті сапар аясында Қытайдың ұлттық шәй мұражайы мен Лэйфен Пагодасын аралайды деп жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз