Қат дәрілерді енді поштамен алдыруға болады

0
57

Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов осы жылдан бастап еліміздің түкпір-түкпіріне пошта арқылы дәрі-дәрмек жеткізуге болатынын айтты. Пилот жоба тұңғыш рет Қарағанды облысында іске асырылады.

29 қаңтар Мәжілісте өткен «Үкімет сағаты» жиынында сөз сөйлеген Біртанов «ҚазПошта» қызметкерлерінің қолында дәрігердің рецепті бар науқастарға, олардың ауылда яки қалада тұратындығына қарамастан, үйінің табалдырығына дейін дәрі-дәрмек жеткізіп беретінін мәлімдеді.

Дәрілерді жеткізу қызметінің арнайы инфрақұрылымды қажет етпеуіне байланысты жобаның экономикалық тұрғыдан тиімді екені атап өтілді.

Денсаулық сақтау министрінің пайымдауынша, дәрі-дәрмектің пошта арқылы жеткізілуі ең алдымен ауыр науқастар үшін қолайлы болмақ.

Қазіргі таңда кей дәріханалардың керекті дәрі-дәрмекті үйге дейін жеткізіп салатынын атап өткен министр Біртанов бұл қызметтің арнайы келісім бойынша іске асатындығына назар аударды. Министрдың айтуынша, дәрігер тарапынан емделушіге берілетін рецепт электронды базаға енгізіліп отырады: дәріханалардағы рецепт базасы болашақта қағаз рецептінің қажеттілігін қанағаттандырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз