Астанада Паркинсон ауруының симптомдарын жоятын ота жасалмақ

0
129

5-6 желтоқсан күндері Елбасы клиникасында Паркинсон ауруының симптомдары бар науқастарға нейрохирургиялық операция жасалынатын болады.

Хирургтар стереотаксикалық техниканы пайдалана отырып, мидың белгілі бір аймағындағы патологиялық ауруды жою үшін электродтарды енгізуді қарастырады.

Бұл әдістің көмегімен емделмейді деп саналатын науқастар өздерінің денсаулықтарын жақсартуға, ал кейбіреулері құлан таза айығуға мүмкіндік алады.

Паркинсон ауруы – 65 жастан асқан ересек адамдарда көп кездесетін, миға әсер ететін созылмалы ауру. Нейромедиатор дофамин болып қолданылатын орталық жүйке жүйесінің немесе орта мидың қара субстанция нейрондарының бүлініп немесе өліп қалуынан пайда болады.

Пракинсон ауруына ер кісілерге арағанда әйелдер жиі шалдығады. Аталған ауру түрі адамның жүйке жүйесімен қоса алғанда барлық дене мүшесіне кері әсерін тигізеді.

Аурудың пайда болу себептерін дәрігерлер тұқым қуалаушылықпен, жағымсыз экологиямен және түрлі жұқпалы аурулармен байланыстырады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз