Қазақстан билігі коронавирустан қайтыс болғандардың тізімін жаңартпады

0
112
Photo: AFP

Coronavirus2020.kz биліктің ресми сайтының Telegram желісіндегі каналында 28 маусым мен 4 шілде аралығындағы COVID-19 статистикасының апталық нәтижесі жарияланды.

Коронавирус жұқтырғандардың, жазылғандардың, емделіп жатқандардың жалпы санын беріп, күнделік динамиканы көрсеткен видео-статистикада вирустан қайтыс болғандардың ескі дерегі келтірілген.

Қазақстан билігі 29 маусымнан бері елдегі COVID-19 өлімі дерегін жаңартпай отыр. Ол күні коронавирустан қайтыс болғандар саны 188-ге жеткен. 29 маусымға дейін күнделік он шақты өлім тіркеліп отырған.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2 шілдедегі брифингте бұдан былай COVID-19 өлімі апта сайын хабарланатынын айтқан.

“Комиссия өлімнің себебін кісі қайтыс болғаннан кейін анықтайды. Сөйтіп кісінің коронавирустен өлгенін біз бір-екі күн кешігіп білеміз. Біз мұны апталық форматта хабарлауды жоспарлап отырмыз” деді министр брифингте.

COVID-19 өлімі жөніндегі жаңарған дерегі бар апталық нәтиже енді қашан шығатыны белгісіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз