Қазақстанда 284 адам короновирус жұқтырды

0
137
Photo: interfax

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз 23:30-дағы дерегіне сай, елде тағы 13 адамнан коронавирус (Атырау облысында алты, Алматыда үш, Алматы облысында екі, Нұр-Сұлтанда бір, Ақтөбе облысында бір) табылды.

Бұдан бөлек, министрлік Алматыда екі адам Covid-19 дертінен айыққанын хабарлады.

Қазір елде науқастар саны 284 адамға жетті. Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан – 13, Алматы – 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Вирус жұқтырған 283 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда – 167 адам
  • Алматыда – 70 адам
  • Атырау облысында – 12 адам
  • Қарағандыда – 7 адам
  • Ақмола облысында – 6 адам
  • Алматы облысында – 6 адам
  • Жамбыл облысында – 3 адам
  • Шымкентте – 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
  • Ақтөбе облысында – 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам
  • Павлодар облысында – 1 адам
  • Маңғыстау облысында – 1 адам
  • Қызылорда облысында – 2 адам.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз