Қазақстанда қандай медициналық қызмет құны көтерілді?

0
105
ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда 2017 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша дәрігерлердің алғашқы қабылдауы 9,6%-ға, жергілікті анестезиямен тіс жұлу – 10,4%-ға, мойынға арналған массаж –  6,8%-ға қымбаттады деп мәлімдейді energyprom.kz.

Бұдан басқа, есепті кезеңде санаторлық-курорттық қызметтер бағасы 7,4%-ға қымбаттады. Іш қуысының ультрадыбыстық зерттелуі 13,3%-ға, сынамалар 7%-дан артық: қан – 7,3%-ға, зәр – 7,8%-ға өсті.

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында медициналық қызмет көрсету ақшалай теңгерімде 539,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңдегі көрсеткіштен 11,2%-ға көп, яғни   485,1 млрд. теңге.

Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетудің 56,1% ауруханаларға немесе 302,77 млрд. теңгеге (жыл сайын 8,2%-ға) өсті. Медициналық қызметтердің 80% бюджет қаражатынан, 14% – Қазақстан халқының өз есебінен, ал 6% – кәсіпорындар тарапынан төленген.

Жалпы, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету көлемі 566,48 млрд. теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 11,2% артық.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз