Қазақстанда бір күнде 149 адам коронавирустан айықты

0
104

Қазақстанда сейсенбі күні 149 адам коронавирустан айықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 12 мамыр 23.00-де хабарлады. Бұл күні 72 адамнан коронавирус табылды.

Қазір елде 5279 адамға вирус жұққан. 2223 адам дерттен айықты. 31 адам қайтыс болды. Қазақстанда үш күн қатарынан дерттен айыққандар саны вирус жұқтырғандардан көп.

Билік 11 мамырда елде коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай режимін аяқтап, бірақ карантинді қалдырған.

ТЖ режимі аяқталғандықтан биліктің табыссыз қалған жұртқа беретін 42500 теңге көмегі де тоқтады.

Елдің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың шешіміне сай, карантин әр аймақтағы жағдайға байланысты алынады. Маңғыстау облысы, Шымкент қаласы, Атырау облысы, БҚО, Түркістан облысында карантин 25 мамырға дейін, ШҚО-да 1 маусымға дейін созылды. Ал қалған аймақтарда карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз