Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 мыңнан асты

0
46

24 шілде күні Қазақстанда 1740 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Вирус жұқтырған 924 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында вирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші екі жүзден асқан. Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарының әрқайсында жүзден аса адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Ең төменгі тәулік көрсеткіші Түркістан облысында тіркелген, онда коронавирус бар болғаны 19 адамнан анықталған.

Өткен тәулікте 1772 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Қазақстанда барлығы 80 226 адамның коронавирус жұқтырғаны зертхана талдауы негізінде дәлелденген. Оның ішінде 51 260 науқас дерттен айыққан, 610 адам қайтыс болған. Сондай-ақ коронавирус инфекциясын жұқтырған, бірақ “ілеспе аурудан қайтыс болды” деген 319 адам бар.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Алматы қаласы – 10318 (+220 адам жаңадан қосылған),
  • Атырау облысы – 9866 (+156),
  • Нұр-Сұлтан қаласы -9494(+251),
  • Қарағанды облысы – 7831(+150),
  • Батыс Қазақстан облысы – 5211 (+91),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5129 (+215),
  • Шымкент қаласы – 4615 (+39),
  • Алматы облысы – 3933 (+53),
  • Жамбыл облысы – 3183 (+61),
  • Ақтөбе облысы – 2910 (+36),
  • Павлодар облысы – 2753 (+109),
  • Қызылорда облысы -2706 (+80),
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2625 (+85),
  • Маңғыстау облысы – 2583 (+64),
  • Түркістан облысы – 2571 (+19),
  • Ақмола облысы – 2261 (+51),
  • Қостанай облысы – 2237 (+60).

Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша карантин жарияламаған Швециядан озып, осы індет бастау алды деген Қытайдан кейінгі 27-орынға шықты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, індеттің өршуі қаңтар және ақпан айларына келген Қытайда 86 мың адамның коронавирус жұқтырғаны расталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз