Қазақстанда коронавирустан 72 науқас жазылды, 59 адам індет жұқтырды

0
90

Өткен тәулікте елімізде коронавирустан 72 науқас емделіп шығып, 59 адам індетті жұқтырды.Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Коронавирус инфекциясы 59 адамнан анықталған, аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 6
  • Алматы қаласы – 1
  • Ақмола облысы – 4
  • Атырау облысы – 1
  • ШҚО – 14
  • Жамбыл облысы – 1
  • БҚО – 1
  • Қарағанды облысы – 13
  • Қостанай облысы – 2
  • Павлодар облысы – 7
  • СҚО – 9

Елде жалпы ауырғандар саны 108 236 адам.

Дерттен 72 адам жазылып шыққан, аймақтар бойынша:

  • Шымкент қаласы – 19
  • Ақтөбе облысы – 2
  • Қарағанды облысы – 18
  • Маңғыстау облысы – 31
  • Павлодар облысы – 2

Жазылғандар саны 103 277 адамға жеткен.

Қазіргі уақытта коронавируспен науқастанған 3 213 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 73 бала бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр. 1 407 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың ішінде 89 адамның ахуалы нашар, 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Онымен қоса коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды. Елде наурыз айынан бері коронавирустан 1 746 адам қайтыс болған.

Бір күнде белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 37 адам анықталған. 57 науқас дерттен айығып шықты.1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 33 608 адамға жеткен, 360 адам қайтыс болған, жазылып шыққандардың саны 27 507 жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз