Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгерді

0
155
Photo: AFP

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған адамдарды енді кез келген зиратқа жерлеуге болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

“Коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеудің тәртібіне өзгерістер енгізілді. Санитарлық, эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, марқұмдарды кез келген зиратқа жерлеуге рұқсат етіледі”, – деді министр онлайн брифингте.

Министр Цой елде коронавирустың таралуы күн сайын өсіп жатқанын айтты.

30 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда шамамен 40 мыңға жуық адам індетке шалдыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз