Қазақстанда тағы 481 адам пневмонияға шалдықты, 4 адам қайтыс болды

0
218

Өткен тәулікте белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 481 адам анықталды. Бір күнде пневмонияның осы түрінен 4 адам қайтыс болған, 58 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

1 тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 26 803 адамға жеткен, 305 адам қайтыс болған, 5 831 адам жазылған.

Бір күнде коронавирус инфекциясынан 6 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 612 адамға жетті.

Қазір коронавирус инфекциясынан 5 924 адам емделіп жатыр. 34-і – бала. Стационарда – 3 119 науқас, амбулаторлық жағдайда 2 805 адам емделіп жатыр. 144 адамның жағдайы – ауыр, 19 адамның жағдайы өте ауыр, 25 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал пневмониядан қанша адамның емделіп жатқаны туралы мәлімет жоқ. Бұған дейін министрлік аймақ бойынша пневмонияға шалдыққандар саны туралы мәлімет беретінін айтқан. Бірақ аймақтағы ахуал жайлы ақпарат бермеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пен белгілері коронавирусқа ұқсас науқастар есебін біріктіруге кеңес берген. Екі есепті қосқанда елде науқастар саны 132 924 адамға жетеді. Адам өлімі 1900-дан асады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз