Қазақстанда тағы тоғыз адам короновирус жұқтырды

0
84
Photo: interfax

 26 наурыз түсте Нұр-Сұлтанда тағы тоғыз адамнан коронавирус анықталды.  Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанда біртіндеп көбейіп келеді. Бүгін таңертең жеті адамға вирус жұққаны белгілі болған еді.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 97 адамға жетті. Алматыда – 34 адам, Нұр-Сұлтанда – 55 адам, Қарағандыда – екі адам, Шымкентте – екі адам, Алматы облысында – бір адам, Ақтөбе облысында – бір адам, Жамбыл облысында – бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлаған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазір әлемде 470 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. 21 мыңнан астам адам қаза болды. 114 мыңнан астам адам дертінен айықты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз