Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды

0
73
Photo: AFP

23 тамыз күні Қазақстанда коронавирустық пневмонияға 84 адам шалдыққан, 2 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ел үкіметі коронавирустық пневмония есебін 1 тамыздан бастап жүргізіп келеді. Тамыздың басынан осы күнге дейін коронавирустық пневмонияға барлығы 22 744 адам шалдыққан. Осы аралықта 258 адам қайтыс болған. 4 519 адам жазылған.

Министрлік мәліметінше, бір күнде коронавирус жұққаны зертханалық талдаумен расталған 13 адам қайтыс болған. 13 наурыздан бері барлығы 1523 адам қайтыс болған.

Қазір коронавирус инфекциясынан 10 597 адам емделіп жатыр. 52-cі – бала. 5 673 науқас стационарда жатыр. 309 адамның жағдайы – ауыр, 70 адамның жағдайы – өте ауыр. 50 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) аурулардың халықаралық классификациясын жүргізіп, әр ауруға арнайы код тағайындайды. Ұйым коронавирус індеті өршіген тұста бұл ауруға U07.1 кодын тағайындады. Бұл кодты тағайындау науқастың коронавирус жұқтырғаны зертханалық талдау нәтижесінде анықталуы тиіс. Ал зертханалық талдау ретінде ПТР тесті қолданылады.

ПТР тестіне сұраныс артып, көп елде тест саны жетпегендіктен және тестінің дәлдігіне сұрақтар пайда бола бастаған соң, ДДСҰ наурыз айының соңына қарай ауруға U07.2 дейтін екінші код берді. Бұл кодты Covid белгілері байқалған науқастың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталмаған немесе растау мүмкіндігі болмаған жағдайда тағайындайды.

Вирустың тарауы күшейген тұста, үкіметі ашық елдердің көбі екінші кодты да пайдалана бастады. Ал Қазақстан бұл кодты 1 тамызға дейін пайдаланбай келді.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда коронавирусты 104 543 адам ғана жұқтырған. Коронавирус пневмониясына шалдыққан 22 744 адам бұл статистикаға кірмей отыр. Джонс Хопкинс университеті мен worldometers.info сайтының Covid картасында Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі айтқан дерегі көрсетіліп тұр.

Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Аурудың алдын-алу және бақылау жөніндегі Еуропа орталығы (European centre for disease prevention and control) өздерінің Covid карталарында Қазақстанның екі дерегін біріктіріп беріп отыр.

Екі деректі біріктірсе, Қазақстанда коронавирус ауруына шалдыққандар саны 127 462 болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз