Қазақстанда вирус жұқтырғандар 50 мыңға жақындады

0
61

6 шілде күні Қазақстанда COVID-19 инфекциясы 1109 адамнан анықталды. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 49 683-ке жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, вирус жұқтырған 649 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмаған.

Бұл коронавирус індеті өршіген кейінгі үш аптадағы ең төменгі көрсеткіш. Осыған дейін коронавирус күн сайын шамамен 1,5 адамнан анықталып отырған. Вирус жұқтырғандар саны соңғы аптада күн сайын 300-ден асып отырған Атырау облысында 101 жағдай тіркелген.

Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

Алматы қаласы – 6358 (+157 жаңадан қосылды),
Нұр-Сұлтан қаласы -5984 (+95),
Атырау облысы – 5892 (+101),
Қарағанды облысы – 5336 (+93),
Шымкент қаласы – 3594(+39),
Батыс Қазақстан облысы – 3423 (+128),
Алматы облысы – 2691 (+51),
Шығыс Қазақстан облысы – 2178 (+62),
Түркістан облысы – 2041 (+52),
Ақтөбе облысы – 1828 (+86),
Жамбыл облысы – 1789 (+59),
Маңғыстау облысы – 1590 (+13),
Ақмола облысы – 1484 (+32),
Павлодар облысы – 1460 (+52),
Қызылорда облысы -1456 (+7),
Солтүстік Қазақстан облысы – 1418 (+19),
Қостанай облысы – 1161 (+63).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз