Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны үш мыңға жуықтады

0
96

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы 32 адамға артты. Алматы қаласында вирус 16 адамнан табылған. Атырау, Ақтөбе мен Павлодар облыстарының әрқайсысында – 4 адам, Қарағанды облысында – 3 адам және Қызылорда облысында – 1 адам вирус жұқтырғаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 28 сәуірде сағат 13:00-де хабарлады.

Қазақстанда пандемия тарағалы вирус жұқтырғандар 2982 адамға жетті, 725 науқас дерттен жазылып, 25 адам қайтыс болды.

Ресми мәліметке қарағанда, коронавирус жұқтырып, тыныс аппаратына қосылған 15 науқастың жағдайы ауыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамға вирус жұғуы мүмкін деп есептейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз