Қазақстанның еңбек вице-министрінен коронавирус табылды

1
173
Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов. Photo: primeminister.kz

Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлады.

“Бүгін менің тестім оң нәтиже көрсетті. Жағдайым “мәз” емес”. “Екі күн бойы вагондап жүк түсіргендеймін немесе бірнеше гектарға картоп еккендеймін”. Кімнің басынан өтті, сол түсінеді” деп жазды Әукенов Facebook-те.

Вице-министр жеке қорғаныстың ең қатал шараларын қабылдағанын, бірақ оның бар-жоғы вирус жұқтыруды кейінге шегеруге ғана жеткенін айтты. Шенеунік вирустың кімнен жұққанын білмеймін деді.

“Қашықтан жұмыс істеймін. Zoom (онлайн видео конференция қызметін ұсынатын платформа – ред.) жұмыс кабинетім секілді болып қалды” деп жазды ол.

Қазақстанда вирустың тарауы күшейіп, ауруға шалдыққандар қатарынан шенеуніктер жиі табылып жүр. Кеше елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен вице-премьер Ералы Тоғжановтың COVID-19 ауруын жұқтырғаны белгілі болған.

Оның алдында коронавируспен ауырғандар қатарына ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли, Парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин және депутаты Бекболат Тілеухан, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов секілді шенеуніктер қосылған.

Отыз алты жасқа таяған Әукенов қазіргі қызметіне 2019 жылды қыркүйекте тағайындалған. Оған дейін ол Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

1 ПІКІР

  1. Бір Ресейдің Док док бағдарламасында осы тест туралы айтылған болатын. Қатысқан ғалымдар тесттің өзі жұқтыруы мүмкін деген болжам айтқан. Чиновниктердің жұқтыруы тест арқылы келуі мүмкін, жəне де вирусты емдейтін вакцинаны жаппай қолданысқа еңгізудің бірден бір жолы, чиновниктердің бастарынан өткен сон келісімдерін беруі мүмкін. Вакцинада осында келеңсіз реакция беруі мүмкін деген болжамда айтылып кеткен. Бұл ұлт үшін өте қауіпті. Естіген құлақта жазық жоқ,. Менікі ұлтымыз үшін алаңдау ғана, басқа ойым жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз